(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҚАПТАРЫН БІР ТҮРДЕН ЕКІНШІ ТҮРГЕ...

Осы редакция 2019 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Жамбыл облысы әкімдігінің

2016 жылғы 4 наурыздағы

№ 79 қаулысымен

бекітілген

 

 

 «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.03.06. № 125 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11052 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.03.06. № 125 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы рұқсаты немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң

(қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.